ОҚО-дан 50 студент Петропавлға оқуға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-дан 50 студент Петропавлға оқуға келді

01.09.2014
ОҚО-дан  50 студент Петропавлға оқуға келді

30 тамыз күні Петропавлдың теміржол вокзалынан солтүстікқазақстандықтар Оңтүстік Қазақстан облысынан  аймаққа оқуға келген 50 студентті салтанатты түрде қарсы алды. Петропавл теміржол колледжіне студенттер «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында келіп отыр.

Петропавлдың теміржол транспорты колледжі – облыстағы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» пилотты әлеуметтік жобасының жалғыз қатысушысы. Жобаның мақсаты – жастардың академиялық мобильділігін арттыру, кәсіби-техникалық білім алуға көмектесу, сондай-ақ, елдің индустриялық өсімі бар аймақтарына жұмысқа орналасуына қол ұшын беру.

Теміржол транспорты колледжінде студенттер екі мамандық бойынша тегін оқиды. Олар «электрмен жабдықтау» және «Теміржолдардың қозғалмалы құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын жүргізу және эксплуатация». Олардың әрқайсысына 400 мыңнан астам теңге бөлінген. Сондай-ақ, студенттерге стипендия төленіп, жатақханадан орын да қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу