Петропавлдағы Заречный кенті жабылды
Петропавлдағы Заречный кентінің тұрғындары толықтай эвакуацияланып, елдімекен жабылды. Ұлттық арнаның Солтүстік Қазақстандағы тілшісі Эльмира Кәленова судиямен тікелей байланысқа шығып тұр.
Эльмира Кәленова, тілші:
Бүгін тасқын Петропавлға жетті. Есіл өзені 50 сантиметрге көтерілді. Ең алдымен Заречный кентін су басады. Сондықтан осы ауданның тұрғындары бірінші кезекте қауіпсіз жерге көшірілді. Барлығы мыңға жуық адам. Әкімдік өкілдерінің айтуынша тұрғындардың басым бөлігі туыстарының үйіне баруды жөн санаған. Кейбіреуі қала мектептерінің біріндегі эвакуациялық пунктке орналастырылды. Қазір Заречныйға жол жабық. Кіреберісте полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда.
Петропавлға көршілес Қызылжар аудананда да су тасқыны болып жатыр. Боголюбово, Надежка және Семипалатное ауылдарында бірнеше үйге су кірді. Ресми мәліметке сәйкес облыста 100-ден астам үйді су басты. Өңірге Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Түркістан, Алматы облыстарынан құтқарушылар мен әскерилер келді. Тасқынға қарсы шараларға еріктілер де қосылды. Барлығы 3 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09