«Менің елім – Мәңгілік ел» экспедициясы Петропавлда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің елім – Мәңгілік ел» экспедициясы Петропавлда

14.10.2014
«Менің елім – Мәңгілік ел» экспедициясы Петропавлда

Патриоттық рухты оятып, жастармен сұхбат құруды мақсат тұтқан автоэкспедиция мүшелері Петропавлға жетті. Бірыңғай отандық автокөліктерге мінген олар қаладағы көрікті жерлер мен тарихи орындарды аралап шықты. 20 адамнан құрылған экспедиция мүшелерін теріскейліктер қуана қарсы алды. Солтүстік жұлдызы саябағынан басталған автошеруге жергілікті белсенді жастар да қатысты. Тәуелсіздік стелласы, Мағжан ескерткіші мен Абылайханның ақ үйіне барып, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік унивесритетінде студент жастармен кездесіп, концерт ұйымдастырды. 

Хабарламаларға жазылу