«Астана-Атырау» жүрдек пойызының билет құны арзандайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Атырау» жүрдек пойызының билет құны арзандайды

31.08.2014
«Астана-Атырау» жүрдек пойызының билет құны арзандайды

«Астана-Атырау» бағытымен жүретін жүрдек пойызға 5-ші қыркүйектен бастап жеңілдіктер енгізіледі, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

«Гранд» (СВ) санатындағы вагондарда билет құны 25 пайызға, ал «Бизнес» (купе) санатындағылар 15 пайызға арзандайды.

Астана мен Атырау арасындағы жалпы жол жүру уақыты 22 сағат 57 минут. Енді аталған жүрдек пойыз қатынай бастағаннан кейін, жол жүру уақыты 10 сағатқа кемиді.

Хабарламаларға жазылу