Мерекелерге байланысты қосымша пойыздар жолға шығатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерекелерге байланысты қосымша пойыздар жолға шығатын болды

02.12.2017

Мереке күндерін жақын-жуықтарымен қарсы алуға асығатын жолаушылардың талап-тілектері ескерусіз қалмады. Сұранысы мол бағыттарға 1000-нан аса вагон тіркеліп, қосымша пойыздар жүретін болды.

Секерхан Жүнісова үшін бұл – жағымды жаңалық. Себебі, туыстарының тойы мереке күндерге тұспа-тұс келген. Бастапқыда билет таппай қалармын деп қорыққан елордалық тұрғынның енді көңілі жайланып отыр.

Қосымша пойыздар «Астана Нұрлы Жол» вокзалынан Шымкентке қарай төрт рет, ал, Павлодардан  «Астана-1» вокзалына үш мәрте жүреді. «Қарағанды-Қостанай» пойызы төрт рет жолаушылар тасымалдайды. Сондай-ақ, осы айдан бастап жаңа кесте шығады.

Айгүл Әбутәліпова, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры:

1-қаңтардан «Астана-Семей» жүрдек пойызы күн сайын жүретін болады. «Астана-Лениногорск» пойызының стандартты вагондары тальго вагондарына ауыстырылатын болады.

Осылайша, жол жүру уақыты 3 сағатқа қысқармақ. Ал, билет бағасы сол күйі қалады.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ  

Хабарламаларға жазылу