Астанада мектеп түлектеріне арналған «Триумф» балы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мектеп түлектеріне арналған «Триумф» балы өтеді

24.05.2015
Астанада  мектеп түлектеріне арналған «Триумф» балы өтеді

25 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Триумф» балы өтеді. Аталған шараның мақсаты - жалпы орта білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау.

2014-2015 оқу жылында астаналық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Корей елдерінде болып, 235 медаль мен 81 жүлделі орындарды иеленді.

Шараға 2014-2015 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық, халықаралық дәрежедегі олимпиадалар және ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 11-сынып оқушылары қатысады.

«Триумф» балына ҚР Парламентінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары; ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» РҒПО және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері; Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының ғалымдары, Астана қаласы білім беру мекемелерінің басшылары қатысады.

Хабарламаларға жазылу