Кентауда мереке қарсаңында ҚР Конституциясын оқудың жалпыхалықтық акциясы өтті.
«Конституцияны оқы - құқығыңды біл!» акциясының ұйымдастырушысы мектеп мұғалімі Тұрар Омаров.
Мұндай шараны өткізу идеясы мереке қарсаңында қала тұрғындары арасында жүргізілген сауалнамадан кейін келген.
Ұйымдастырушылар Конституцияның әр бетінің көшірмесін 80/60 өлшемді плакатқа басып шығарған. Осылайша, Ата Заңның қазақ және орыс тілдеріндегі үлкейтілген нұсқасы қала орталығына орналастырылды.
«Шара қазақстандықтардың өз құқығын білуге ынталандыруы керек», дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев.
DailyNews.kz