Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында «Кемел Ел» Жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері Астана қаласының жоғары сынып оқушыларымен, зияткерлік сайыстардың және түрлі спорттық шараның жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуде Елбасы туралы жазылған «Біздің Президент» атты кітаптың тұсауы кесілді.
«ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков: «Біздің Президент» атты кітап арқылы Елбасының өмір жолын мектеп оқушыларына қарапайым тілмен жеткізу - біздің басты мақсатымыз», - дейді.
Елбасы туралы жазылған «Біздің Президент» атты кітабын бастан аяқ оқып шыққан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Ақерке Естаев бұл кітаптың жастардың патриоттық сезімін оятуға әсері мол екенін айтады.