1 қыркүйектен бастап, республика бойынша жедел-профилактикалық «Учаске» акциясы басталады.
Акция аясында учаскелік инспекторлар әкімшілік аумақ тұрғындарының пәтерлері мен аулаларына тексеріс жүргізеді.
Құқық қорғау органдары қауіпсіздік мақсатында пәтерге инспекторды кіргізбес бұрын қызметтік куәлігін сұрауды ескертеді.