Қазақстанда автокөліктердегі медициналық қобдишаның құрамы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда автокөліктердегі медициналық қобдишаның құрамы өзгерді

26.08.2014
Қазақстанда автокөліктердегі медициналық қобдишаның құрамы өзгерді

Биылдан бастап Қазақстанда автокөліктің дәрі қобдишасына кіретін дәрілік препараттардың тізімі өзгерді.

Міндетті дәрілер тізімінен «Метамизол», «Клемастин», калий перменганаты, новокаин ерітіндісі, шприцтер, этил спирті мен түйреуіш сияқты заттар алынып тасталды.

Бұл дәрілердің орына «Ыстықты төмендететін және ауруды басатын заттар» қатарына кіретін «Кеторолак» пен «Парацетамол», шокқа қарсы «Хлоропирамин», «Сульфацетамид» көз тамшылары болуы керек. Ал «Зақым алған кезде (қан кету, сыну, күйік) қолданылатын дәрілер» қатарына медициналық лейкопластырь мен зарарсыздандырылған қолғап (2 жұп), зарарсыздандырылмаған қолғап (5 жұп) қосылған.

Осыған қоса, зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған бинттердің (2 дана), бактерицидті лейкопластырьдің (5 дана), иілімді бинттің (2 дана) саны өзгерді.  

Бұл дәрі қобдишасы 5 адамға арналған. Жүргізуші бұл қорапқа өзі қалаған медициналық дәрілер қосуына болады. Тек бұл дәрілер Қазақстан аумағында тіркелген әрі қолдануға рұқсаты болуы керек.

Хабарламаларға жазылу