Болгариялық компания Қазақстанда алюминий бұйымдарын шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгариялық компания Қазақстанда алюминий бұйымдарын шығарады

23.08.2014
Болгариялық компания Қазақстанда алюминий бұйымдарын шығарады

Павлодар облысының әкімдігі, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және болгариялық «Alcomet» компаниясы инвестициялық жобаны орындау туралы меморандумға қол қойды. Енді «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында алюминий өнімдері шығарылады, деп хабарлайды Metaltorg.ru.

Жобаны іске асыру осы жылдан басталады. Ал, 2016 жылдан бастап жаңа өндіріс іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл зауыт павлодарлық алюминийден жасалған профиль, таспа мен фольга шығаратын болады. Тараптардың келісімі бойынша «Қазақстан электролиз зауыты» жыл сайын 40 мың тонна алюминиймен қамтамасыз ету керек.

Хабарламаларға жазылу