Гүлмира Серікбайқызы: «Адельфи» зауыты бірінші кезекте сапаға жұмыс істейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира Серікбайқызы: «Адельфи» зауыты бірінші кезекте сапаға жұмыс істейді (ВИДЕО)

19.04.2017

«Айтуға оңай...» бағдарламасының отандық өнімге арналған хабарында елімізде отандық өнімді өндіруге үлес қосып жүрген әлемдік деңгейдегі жиһаз шығаратын компания жайлы сөз қозғалды.

«Біз әлемдік деңгейге шығу үшін көп еңбек еттік. Қазақ бренді болу үшін, өнімдерімізді экспорттау үшін бірінші кезекте сапаға жұмыс істейміз. Мәселен, қазір бізге Германиядан, Испаниядан ұсыныстар түсіп жатыр», - дейді «Адельфи» элиталық жиһаз зауытының директоры Гүлмира Серікбайқызы.

Ал компания дизайнері Рахымжан Тұрсыновтың айтуынша, компания тек Қазақстанда емес, тіпті шетелде жасалмаған жиһаз түрлерін де ойлап табуда. «Компанияның мақсаты - Қазақстанның жиһаз дайындауда жоғары деңгейде екенін көрсету», - дейді Тұрсынов мырза.

Айта кетейік, жиһаз шығарудан Қазақстандағы ең ірі зауыт саналатын «Адельфи» жиһаз зауыты негізінен элиталық жиһаз бұйымдарын дайындайды. Аталған зауытта тұрмысқа қажетті заттардың барлығы жасалады.

 

Хабарламаларға жазылу