Мемлекет басшысы Tokyo Rope компаниясында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Tokyo Rope компаниясында болды

07.11.2016
Мемлекет басшысы Tokyo Rope компаниясында болды

Елбасы компания қызметімен танысып, шығарған өнімдерін көрді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Қазақстандағы болат бұйымдар шығаратын «Токио Роуп Алматы» зауытын салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты.

обр

Алматы қаласында орналасқан бұл кәсіпорын металдан жасалатын түрлі өнім, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою үшін пайдаланылатын габион жүйесін (торкөз қалқаншалар) жасау үшін аса берік торлар шығарады.

об

Зауыттың бірінші кезеңдегі жобалық қуаты 5 тонна металл бұйымын шығаруға жетеді, оның мүмкіндігі алдағы уақытта ұлғайтылмақ. Кәсіпорын өнімі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге таяу және алыс шетелге де сатылады деп жоспарланып отыр.

роб

Tokyo Rope компаниясы – жоғары технологиялы болат арқандар, көпір кермесін, автошиналардың металл өзектерін, күн энергетикасын өткізуге арналған сымдар және басқа да металл бұйымдарын шығаратын әлемдегі көшбасшы кәсіпорынның бірі.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу