Қызылжарда «магнит» адам тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда «магнит» адам тұрады

05.11.2021

Қала тұрғыны Галина Молошенконың денесіне түрлі металл, пластмасса, керамикадан жасалған бұйымдардың барлығы жабысып қалады. Ол өзінің ерекше қасиетін 6 жыл бұрын аңғарыпты. Үрейленіп, бірден дәрігерге көрінген. Мамандар денсаулығынан ешқандай ақау таппаған. Алайда ұялы телефон, қасық, ожау, қашықтан басқару құралы сынды заттардың тартылу күшінің сырын ешкім айта алмаған. Зейнеткер - өте белсенді жан. Бос уақытында пластиктен түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды.

Галина Молошенко, қала тұрғыны:

Алюминий тостаған, қақпақтардың барлығы денеме жабыса береді. Дәрігерлер бойымда биоэнергия басым деген болжам айтты. Нақты себебін анықтау үшін Алматы қаласына зерттеу институтына баруды ұсынды. Мен бас тарттым. Алысқа жол жүретін жаста емеспін. Әрі ерекше қасиетім өзіме ешқандай кедергі келтірген емес.


Хабарламаларға жазылу