Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер кеңесі 29-31 тамыз аралығында Астанада өтетін халықаралық «Гран-при» турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды confederation.kz сайты.
Халықаралық «Гран-приге» Олимпиадаға енетін салмақ дәрежелері бойынша әлемдік рейтингте алғашқы 35 спортшының қатарына енген таэквондошылар ғана қатыса алады. Ал, Қазақстан құрамасы турнирді қабылдаушы мемлекет ретінде WTF рейтингінен тыс әр салмақтан бір спортшы қатыстыра алады.
Команда құрамы:
Ерлер
58 келі. Нұрсұлтан Мамаев.
68 келі. Қайрат Сарымсақов.
80 келі. Мақсат Әбдірамбек.
+ 80 келі. Смайл Дүйсебай.
Қыздар
49 келі. Фариза Алдоңғарова.
57 келі. Әсел Қойлыбай.
67 келі. Гүлім Бибалаева.
+ 67 келі. Феруза Ергешова, Мереке Жүнісова.
Қазіргі таңда Мұстахим Қабдырашев шәкірттері Щучье қаласындағы «Жақсы-2» базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Құрама таэквондошылар Астанаға 26-шы тамыз күні келеді.