Юрий Красножан Ұлттық құрамаға 34 футболшы шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юрий Красножан Ұлттық құрамаға 34 футболшы шақырды

22.08.2014
Юрий Красножан Ұлттық құрамаға 34 футболшы шақырды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде алаңға шығатын футболшылардың тізімін жариялады.

Ұлттық құрама 5-ші қыркүйек күні Қырғыз елінің футболшыларымен жолдастық кездеу өткізсе, 9-шы қыркүйек күні Еуро-2016 іріктеу турниріндегі алғашқы кездесуінде Латвия құрамасын қабылдайды. Екі матч та «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Ұлттық құрамаға шақырылған 34 футболшының тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Александр Мокин, Стас Покатилов (екеуі де «Шахтер»), Владимир Логиновский («Астана»), Станислав Павлов, Андрей Сидельников (екеуі де «Ақтөбе»):

Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Атырау»), Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков, Виктор Дмитренко (үшеуі де «Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Сергей Малый («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко, Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров (үшеуі де «Ақтөбе»), Азат Нұрғалиев, Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»):

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Бауыржан Исламхан, Ермек Қуантаев (екеуі де «Қайрат»), Ұлан Қонысбаев, Мақсат Байжанов (екеуі де «Шахтер»), Валерий Коробкин, Марат Хайруллин (екеуі де «Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Дмитрий Шомко («Астана»):

Шабуылшылар: Бауыржан Байтана, Аслан Дарабаев, Станислав Лунин (үшеуі де «Қайрат»), Бауыржан Жолшиев, Таңат Нөсербаев (екеуі де «Астана»), Алексей Щеткин («Тараз»), Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша.)

Хабарламаларға жазылу