Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама футболшылары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама футболшылары анықталды

28.09.2015
Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама футболшылары анықталды

Юрий Красножан бастаған Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланд және Латвия құрамаларымен өткізетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады ҚФФ сайты.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Сергей Бойченко («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»), Андрей Сидельников («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Берік Айтбаев  («Атырау»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марк Гурман («Қайрат»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия);

Жартылай қорғаушылар: Қазбек Гетериев («Ертіс»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Қайрат»),  Исламбек Қуат («Қайрат»), Жамбыл Көкеев («Қайрат»), Альмир Мухутдинов («Тараз»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смақов («Ертіс»);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»).

Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 қазанда Астанада жиналады. Нидерланд құрамасымен ойын 10 қазан күні 22:00-де басталады. Кейін қазақстандық футболшылар Ригаға жол тартып, 13 қазан күні Латвия құрамасымен кездеседі. Бұл ойындармен Қазақстан Ұлттық ЕУРО-2016 іріктеу турнирін аяқтайды.

Хабарламаларға жазылу