70 жастағы Сидней тұрғыны Ла-Маншты 12 сағат 45 минутта жүзіп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 жастағы Сидней тұрғыны Ла-Маншты 12 сағат 45 минутта жүзіп өтті

21.08.2014
70 жастағы Сидней тұрғыны Ла-Маншты 12 сағат 45 минутта жүзіп өтті

70 жастағы австралиялық  Ла-Маншты жүзіп өткен ең қарт адам болды, деп хабарлады Би-би-си.

Сидней тұрғыны Сирил Бэлдок Британиядан Францияға 12 сағат 45 минуттің ішінде жүзіп жетті.

Бұдан бұрын, 1985 жылы австралиялық  осы арнаны жүзіп өткен болатын, тек шоколад пен шырын ішу үшін бірнеше рет аялдап.

Жүзу барысын «Твиттерден» бақылауға мүмкіндік болды, өйткені австралиялықтың қолдау тобы әр сәт сайын оны жаңартып отырды.

Sydney Morning Herald газетінің хабарлауынша, бала кезінде Сирил судан қорқатын және тыныс жолдары сырқатынан зардап шеккен.

Дегенмен, Бэлдоктың бұл рекорды жақын арада жаңаруы мүмкін. Өйткені  осы аптада австралиялық 73 жастағы әйел Ла-Маншты жүзіп өтуге бел буып отыр.

Хабарламаларға жазылу