Алматыда «World Class Almaty» орталығының баспасөз конференциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «World Class Almaty» орталығының баспасөз конференциясы өтеді

27.11.2014
Алматыда «World Class Almaty» орталығының баспасөз конференциясы өтеді

27 қараша күні Алматыда «World Class Almaty» фитнес-орталығының клуб карталарын спортшыларға тапсыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Шара Қазақстанның Олимпиадалық чемпиондары «Астана» Президент клубымен серіктестік аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жиынға  Жақсылық Үшкемпіров, Бақыт Сәрсекбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Юрий Мельниченко, Майя Манеза, Зульфия Чиншайло, Светлана Подобедова, Илья Ильин, Сергей Котенко, Владимир Смирнов қатысады деп күтілуде.

Баспасөз конференциясында World Class Almaty фитнес-клубының басқарушы директоры Валихан Тен және «Астана» ПКСК-ның спорт жөніндегі бас менеджері Юрий Мельниченко сөз сөйлейді.

Шара соңында «World Class Almaty» жаттықтырушылары Олимпиада чемпиондарына арналған шеберлік сыныбын өткізбек.

Хабарламаларға жазылу