«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы басшылары келісімшартқа қол қоймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы басшылары келісімшартқа қол қоймақ

04.05.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы басшылары келісімшартқа қол қоймақ

5 мамыр күні сағат 15:00-де Астанадағы «Қазмедиа орталығында» (15 қабаттағы конференц-залда) «Қазақстан» РТРК» АҚ мен  «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы корпоративті қорының өзара серіктестік жөніндегі келісім шартқа қол қою рәсімі өтеді.

Келісім шартқа «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы корпоративті қоры атынан клубтың бас директоры Владимир Смирнов, ал, «Қазақстан» РТРК» АҚ атынан Басқарма Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова қол қояды.

Хабарламаларға жазылу