Алматылық Любовь Андреева «Формула» жарыстарына қатысатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық Любовь Андреева «Формула» жарыстарына қатысатын болады

17.09.2014
Алматылық Любовь Андреева «Формула» жарыстарына қатысатын болады

Қазақстан тарихында тұңғыш рет 17 жастағы алматылық Любовь Андреева 2015 жылдан бастап, «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының құрамында «Формула-3» жарыстарына қатысатын болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Astana Motorsports командасының көшбасшысы, «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус мәлімдеді. 

«Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы алдағы 2015 жылдан бастап, клуб құрамына жаңа категорияны енгізуді ұйғарды. Ол - «Формула» шапшаң жарыс категориясы. Бұл категорияда ең үздік қазақстандық жарысушы - 17 жастағы Любовь Андреева» - деді өз сөзінде А. Ардавичус.

Ол сонымен қатар, Андрееваның Қазақстанда картинг бойынша өткізілетін жарыстардың барлық кезеңдерінде жеңіске жеткендігін жеткізді

«Біздің сараптама бойына, ол бүгінгі таңда Қазақстан бойынша ең үздік және әлемдік спорт ареналарында ел намысын қорғауға лайықты спортшы» - деп сөзін аяқтады Артур Ардавичус.

Айта кетелік, «Формула-3» жарысы атақты «Формула-1» жарыстарының ең төменгі сериясы.

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу