7 тамызда Алматыда аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталады.
Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Биылғы шараға 100-ге жуық өндірістік компаниялардың өкілдері қатысты.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен қатар, қала әкімінің дипломымен марапатталады.
Сондай-ақ, байқау аясында 7-8 тамыз күндері «Almaty Towers» кешенінде тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.