Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды

07.08.2014
Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауы аяқталды. Салтанатты марапаттау шарасына қала басшысы Ахметжан Есімов қатысты.

Көшбасшыларды анықтау «Үздік азық-түлік тауары», «Үздік тұтыну тауары», «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» аталымдары бойынша анықталды.

Көрме-байқауға 100-ге тарта кәсіпорын қатысты.

2014 жылғы Алматыдағы «Үздік азық-түлік тауарын» өндіруші ретінде «Caspian Beverage Holding» пен «Цинказ» ЖШС танылса, халыққа арналған үздік тауар өндіруші  ретінде «РЦМ Макпал» ЖШС мен «Viva Pharm» компаниясы танылды.

Ал, «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» аталымына «Алматинский завод мостовых конструкций» ЖШС мен «Келет» АҚ өнімдері лайық деп танылды.

«Бұл тауарлардың барлығы сыртқа экспорттауға бейімделген.  Біздің тауар өндірушілерге бәсекелестік қабілеті мен отандық тауарлардың сапасын арттыру қажет. Жеңімпаздардың қай-қайсысы болсын «Қазақстанның үздік тауары» атауына лайық. Олар Астанада өтетін шешуші байқауда жүлделі орынға ие болады деп сенемін», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауы Астана қаласында  күзде өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу