Қанат Ислам жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді

28.03.2014
Қанат Ислам жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді
Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді деп хабарлайды Tengrinews.kz  сайты.
 
Қазіргі кезде Қазақстанда жүрген боксшы 2-ші сәуір күні Латын Америкасына аттанып, жаттығу жұмыстарына кіріспек. 
«Бұйырса 26-сәуірде Доминика елінің астанасында рейтингтік жарыс өтеді. Соған орай мен рейтингтегі 8-орынға жету үшін жекпе-жекке шығамын. Қазір мен ол рейтингте 11 орында тұрмын», - деді Қанат Ислам.
 
Боксшының промоутері Нельсон Мендес қарсыластың әлі анықталмағанын айтады. Сондай-ақ, ол Қанаттан бұрын қазақ боксшыларының ішінде Марат Мәзімбаевпен жұмыс істегенін атап өтті.
 
«Қазақ боксшыларында өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар кәсіпқой бокста талмай жаттығып, жетістікке жете алады. Мен Қанаттың болашақта биікке шығатынына сенемін», - деді ол.
«АҚШ, Куба, Доминика елдерінің үш боксшының бірімен жұдырық түйістіретін боламын. Олардың қайсысы екені жарыс жақындағанда белгілі болады. Бұйырса, Доминикаға барысымен жаттығуға кірісіп, спаррингтегі қарсыласым, Олимпиада чемпионы Феликс Диаспен дайындаламын», - деп айтты Қанат Ислам

Қанат Ислам промоутері Нельсон Мендес екеуі ел астанасына «Астана» Президенттік спорт клубымен келісімшарт жасасуға келген. Бұдан былай «Астана» спорт клубы Қанаттың жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге мұрындық болмақ.

Хабарламаларға жазылу