Қанат Ислам WBA рейтингінде 7-орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам WBA рейтингінде 7-орынға көтерілді

09.09.2014
Қанат Ислам WBA  рейтингінде 7-орынға көтерілді

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қыркүйек айындағы рейтингінде 7-орынға көтерілді.

29 жастағы боксшы қауымдастықтың чемпиондық белбеуіне үміткерлер тізімінде екі сатыға жоғарылаған. 

Кәсіби рингте 69,85 келі салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам 18 жекпе-жек өткізген.

Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 8-тамыз  күні колумбиялық Фидель Монтерроса Муньоспен өткізіп, жеңіске жетті.  Бұл - оның мерзімінен бұрын аяқтаған 15-ші жекпе-жегі.

Хабарламаларға жазылу