Қанат Ислам күзде Астанада жекпе-жек өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам күзде Астанада жекпе-жек өткізеді

17.03.2017

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін мамыр айында өткізеді. Бұл туралы кәсіпқой боксшы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуі кезінде айтты.

Жекпе-жекті Американың даңқты спорт алаңдарының бірінде өткізу жоспарланған.

Министр өз кезегінде Қанат Исламға алда күтіп тұрған белестерден сүрінбей өтіп, ел даңқын асқақтата түсуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, қыркүйектің 9-ы күні Астанада өтеді деп жоспарланған жекпе-жекке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу