Ұлттық құрама Дүниежүзілік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрама Дүниежүзілік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізеді

05.08.2014
Ұлттық құрама Дүниежүзілік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Бокстан Қазақстанның Ұлттық құрамасы 6-27 тамыз аралығында Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Дүниежүзілік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жиынға Ұлттық құраманың барлық үш құрамы мен республика өңірлерінен болашағынан үміт күттіретін тағы жиырмаға жуық жас боксшы қатысады.  

Мырзағали Айтжановтың шәкірттері жалпы дене даярлығы бойынша оқу-жаттығу жиынын жақсы көңіл-күйде бастамақ. Өткен шілде айында Ұлттық құрама Түркияда сауықтыру жиынын өткізген болатын.

«Бұл сауықтыру жиыны өте жақсы өтті. Өздеріңіз білесіздер, боксшыларымыз 2014 жылдың алғашқы жартысында көптеген маңызды турнирге қатысты. Сондықтан командаға демалыс керек болды» - деді бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Азия ойындары өтеді.

Оған 45 елден 12 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Мұнда спортшылар спорттың 36 түрінен жүлделі орындарды сарапқа салады.

Хабарламаларға жазылу