Федерация кубогіне қатысудан бас тартқан облыстың боксшылары Әлем чемпионатына бара алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Федерация кубогіне қатысудан бас тартқан облыстың боксшылары Әлем чемпионатына бара алмайды

11.10.2017

Бұл туралы жылдың қорытынды конференциясында Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев мәлімдеді. Әр аймақта бәсекелестік пен шебер боксшыларды тәрбиелеу үшін бапкерлер дайындау мәселесі де кеңінен талқыланды. Спорт саласының басшылары бас қосқан алқалы жиында оқу-жаттығу жиынының жартысын шетелде арнайы жаттықтырушылармен тәжірибе алмаса отырып өткізу туралы да бастама көтерілді. Жалпы, биыл Ұлттық құрама 9 оқу-жаттығу жиынын өткізген. Азия және Әлем чемпионаттарына қатысып жақсы нәтиже көрсетті. «Алайда, бокстан әлемдік көшбасшыға айналу үшін әлі атқарылар іс жетерлік», - деді федерация басшысы.

Тимур Құлыбаев ҚР Бокс федерациясының президенті:

- Бапкерлер штабы көтерілген ұсыныстарды саралап, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру үшін сырттан қандай мамандарды шақыртуға болатынын қарастыру қажет. Сондай-ақ, өзіміздің жас бапкерлерді дайындау жағын да жақсылап қолға алуымыз керек.

 

Елдос САПАРҒАЛИ     

Хабарламаларға жазылу