«KARASU Farm-2014» аукционы аясында мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KARASU Farm-2014» аукционы аясында мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар көрмесі өтеді

04.08.2014
«KARASU Farm-2014» аукционы аясында мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар көрмесі өтеді

7 тамыз күні Қостанай облысының Қарасу ауданы Восток ауылында асыл тұқымды малды сатуға арналған «KARASU Farm-2014» аукционы аясында мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдық пен техниканың ауқымды көрмесі өтеді. Шараны ұйымдастырушылар - «Қазагромаркетинг» Акционерлік қоғамы және «Қарасу» сауда-өнеркәсіп компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, деп хабарлайды «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникасын көрсету бойынша өткізілетін демонстрациялық шоу көрме қатысушыларының қызығушылығын тудырады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу