Қазақтың ақбас және әулиекөл сиырлары аукционда сатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың ақбас және әулиекөл сиырлары аукционда сатылмақ

09.06.2014
Қазақтың ақбас және әулиекөл сиырлары аукционда сатылмақ
Биылғы жылдың  7 тамызы күні «Қарасу» компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ-ның қолдауымен екінші мәрте қазақтың ақбас және әулиекөл ірі қара малдарын сатуға бағытталған «KARASU FARM-2014» аукционын өткізбек. Бұл туралы «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ның баспасөз қызметі хабарлады.
 
Ғалымдар шетел мамандарының тәжірибесіне сүйене отырып, малдың  дене өлшемдерін алу бағалау , аккредитациядан өткізу жұмыстарын жүзеге асырып  лабораторияда  ДНК сараптамасын өткізді.
 
Сонымен қоса, Қазақ мал шаруашылығы және мал азығын өндіру ҒЗИ мамандары малды іріктеп сою әдісі арқылы еттің сапасы мен оның биохимиялық құрамын анықтады.
 
Сатылымға шығарылған асыл тұқымды бұқалар жоғары сапалы зауыттық желілерден тараған, бұл тоқал бұқалар, мықты және етті дене құрылысымен ерекшеленеді.
 
Тәулігіне орташа есеппен 1 000 грамм және одан артық қосымша салмақ жинағандықтан, 15 айлық бұқалардың салмағы 450-500 килограммға жетеді. 

 

 

Хабарламаларға жазылу