Астанада ауыл шаруашылығына арналған көрме өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауыл шаруашылығына арналған көрме өтеді

24.10.2014
Астанада ауыл шаруашылығына арналған көрме өтеді

27-29 қазан аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында еліміздегі ірі халықаралық «KazAgro 2014» - ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі мен «KazFarm 2014» - мал шаруашылығы мен ет-сүт өндірісінің көрмесі ұйымдастырылады.

Көрме ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Германияның ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Мұнда  агротехника, өсімдік, мал, құс шаруашылығына арналған қажетті құрал-жабдықтар мен технологиялардың әлемдік жаңа нұсқалары, дәнді-дақылдар, ветеринария және басқа да ауыл шаруашылығына қажетті қызмет түрлері ұсынылады.

Шара әлемнің Қазақстан, Австралия, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Италия, Канада, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция,  Швейцария, Оңтүстік Корея сынды 18 елінен келетін 250-ден астам компанияның басын қосады.

Фото: kagro.kz

Хабарламаларға жазылу