Евгений Королев Германияда өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Евгений Королев Германияда өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды

03.08.2014
Евгений Королев Германияда өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды

Қазастандық теннисші Евгений Королев германияның Вецларе қаласында өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Евгений Королев финалдық кездесуде корт иесі Юлиан Ленцті үш сетте – 6:0, 0:6, 6:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші финалға дейін Хассан Бассел (Мысыр), Мориц Бауманн (Германия), Ян Чоински (Германия) және Симоне Ваньоцциді жеңді.

Хабарламаларға жазылу