Қазақстанда туристік фирмаларға қатаң талаптар қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда туристік фирмаларға қатаң талаптар қойылмақ

01.08.2014
Қазақстанда туристік фирмаларға қатаң талаптар қойылмақ

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамаға кейбір өзгеріс енгізуді қарап отыр. Бұл туралы комитет төрағасы Марат Иғалиев хабарлады.

«Біз туристердің қызығушылығын қорғау үшін заңнаманың өзгеруіне  талап етіп отырмыз. Келесі жылы біздің туристерді қорғау кепілі туралы сұрақ көтеретін боламыз», - деді М. Иғалиев. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта туроператорларға тек қана лицензия  алу жеткілікті.

«Біз бақылау жүйесін қатаң болуына ұсынып отырмыз», - деді - М. Иғалиев.

Ол отандық туристерді туроператорлармен келісім құжаттарды рәсімдеу кезінде мұқият болуға шақырды. Өкінішке қарай, біз туристердің тіпті келісімшарттары жоқ екенін байқаймыз. Кейін сотта құжатсыз олар ештеңе де дәлелдей алмайтынын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу