Ұлттық арнадан «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадан «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз

01.08.2014
Ұлттық арнадан «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз

Қазақта реа­листік кинорежиссураның тұңғыш жолын салған Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазасын алып келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.

Ұлы адамның бей­несін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ хал­қы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс бола­тын. Өзіне қойыл­ған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденді.

Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер  Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.

Нұрмұхан Жантөрин ойнаған Шоқан образының нанымды шыққаны соншалық, жұртшылық актерды Шоқанның өзі екен деп қабылдады. Бұл – сөз жоқ, актердің де, қою­шы-режиссердің де зор табысы еді.

Бүгін ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын Ұлттық арнадан сағат 00.50-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу