Ұлттық арнада – «Сын сағат» драмасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Сын сағат» драмасы

26.07.2015
Ұлттық арнада – «Сын сағат» драмасы

Елдің маңдайалды университетінің актерлік бөлімінде оқитын төрт студент қыз болашақта жарқын өмір сүретіндеріне кәміл сенетін.

Әзірше олар түнгі клубтарға барып, өздері құралпы жастармен танысып уақыт өткізеді. Бірақ, өмірде бәрі олар ойлағандай оңай емес. Қателіктер мен өкінінішті сәттер де болады екен.

Араларындағы бір бойжеткен үлкен жобаға ілініп, түсірілімге қатысатын сәтте олардың достығына қатер төнеді. Ол бұл сынақтан қалай өтпек?

Режиссер Ин-му Хеоның туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат  15:15-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу