Ұлттық арнада - «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

22.11.2015
Ұлттық арнада - «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

Режиссер Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазалап келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.

Ұлы адамның бей­несін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ хал­қы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс еді. Өзіне қойыл­ған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденеді.

Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер  Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.

Бүгін 22:45-те Ұлттық арнадан ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу