Алматыда «Кішкентай кітапсүйерлер клубы» ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Кішкентай кітапсүйерлер клубы» ашылады

31.07.2014
Алматыда «Кішкентай кітапсүйерлер клубы» ашылады

Алматыдағы «Марципан» балалар мейрамханасы «Кішкентай кітапсүйерлер клубын» ашпақ.  

Тамыз айынан бастап, белгілі қазақстандық әртістер кішкентай оқырмандармен бірге ертегі әлеміне саяхат жасайды.

Мейрамхана ұжымы бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын әрбір сенбі сайын, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта күтеді.

2 тамыз күні бүлдіршіндермен ғажайыптар әлеміне саяхат жасайтын -  белгілі цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов.

Клубқа кіру тегін.    

 

Хабарламаларға жазылу