«Балапан» телеарнасы «Микки Маус клубы» мультхикаясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы «Микки Маус клубы» мультхикаясын ұсынады

21.10.2015
 «Балапан»  телеарнасы «Микки Маус клубы» мультхикаясын ұсынады

«Балапан»  телеарнасы кішкентай көрермендеріне танымал «Микки Маус клубы» мультхикаясын ұсынады. Туындының қазақ тіліндегі нұсқасын балақайлар жуырда сүйікті арналарынан тамашалай алады.

«Микки Маус клубы» мультхикаясының кейіпкерлері -  Микки Маус, Минни Маус, Дональд Дак, Дейзи Дак, Гуфи және Плуто.

Олар әр бөлімде  көрермендермен бірге әртүрлі мәселелерді шешеді. Микки Маус пен оның достарына маусқұралдар көмектеседі.

Мультхикая барысында оларға диснейлік кейіпкерлер - Кларабель, Пит, Людвиг фон Дрейк, Чип пен Дейл, Вилли мен  Фигаро жиі қонаққа келеді.

 «Микки Маус клубы» - балаларға арналған телевизиялық мультхикая. Туындының тұсауы 2006 жылы 5 мамырда «Disney» телеарнасында кесілген. Танымдық мультхикая мектепке дейінгі балаларға арналған.

Хабарламаларға жазылу