Алматыда «Кішкентай ханзада» ересектер ертегісі сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Кішкентай ханзада» ересектер ертегісі сахналанды

10.01.2015
Алматыда «Кішкентай ханзада» ересектер ертегісі сахналанды

Бүгін Алматыда режиссер Болат Әбдірахманов дайындаған  француз жазушысы, ұшқыш Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» моноспектаклі сахналанды.

Шым-шытырыққа толы ертегі  ұшқыш Антуан де Сент-Экзюперидің өз өмірінен сыр шертеді. Ол  ұшағы  сынып, жапан далада жалғыз қалғанда қасына бір кішкентай бала келіп, шығарма бала мен ұшқыш арасындағы диалогпен өрбиді. Шығарманың адамға ой салар тұсы, үнемі маңызды істерден қолы босамайтын ересектер бейнесін жан-жақты ашу.

Автор миллиондаған адамдар арасында жүріпте жалғыз қалуың мүмкін екенін ескертеді. Үлкендер түсінігіндегі өмір мен өлім, махаббат пен жауапкершілік шынайы суреттеледі. 

АЙГҮЛ ЕРМАХАН

 

 

Хабарламаларға жазылу