Том Леффлер: Геннадий Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Том Леффлер: Геннадий Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейді

15.02.2016
Том Леффлер: Геннадий Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейді

Кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдарының орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Г.Головкиннің неліктен жаңа міндетті үміткер, IBF рейтингінде екінші нөмірлі Доминик Уэйдпен жұдырықтасатынын түсіндірді.

«Геннадий Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Біз титул иегерлерінің ешқайсысымен келісе алмадық. Сондықтан, Геннадий Головкиннің белбеуіне міндетті үміткермен жекпе-жекті ұйымдастыруға тура келді. Бірақ, жұдырықтасу оңай болмайды, себебі, Доминик Уэйд жас әрі талантты боксшы», - дейді Том Леффлер.

Хабарламаларға жазылу