Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Біздің анықтама:
Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев 1965 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы дипломатиялық курсты бітірген.
IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл. Қазақстан Республикасының Франкфурт-на-Майне қаласындағы (ГФР) Бас консулы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.