Ғабит Байжанов Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғабит Байжанов Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды

23.09.2018

Осы апта Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне Ғабит Байжанов тағайындалды. Байжанов 2015 жылдан бері «Сырбар» Сыртқы барлау қызметін басқарып келді. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. Ал, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін бүгінге дейін атқарып келген  Марат Шайхутдинов Президент Жарлығымен қызметінен босатылды. Сондай-ақ, осы апта Тимур Жақсылықов та Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін түрлі министрліктерде лауазымды қызмет атқарды. Еуразиялық одақтағы экономика және саясат жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу