Тікелей эфирде: «АИК» - «Астана» ойыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфирде: «АИК» - «Астана» ойыны

07.08.2014
Тікелей эфирде: «АИК» - «Астана» ойыны

Бүгін Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта мачтары өтеді. Елордалық «Астана» футбол клубы сырт алаңда швециялық «АИК» клубына қарсы ойнайды.

Астанада өткен алғышқы кездесуде қос клуб 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Бұл ойынды тікелей эфирде Астана уақытымен 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Ал, қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Хорватияға сапар шегеді. Қарағанды қаласында өткен алғашқы кездесуде «Шахтер» «Хайдук» клубын 4:2 есебімен ұтқан болатын. Бұл, мачт Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Айта кетейік, «Хабар» телеарнасы кездесудің трансляция құқығының бағасына келісе алмауына байланысты бұл ойын эфирден көрсетілмейді.

Хабарламаларға жазылу