Абель Санчес: Менің арманым – кіші Чавес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абель Санчес: Менің арманым – кіші Чавес

24.03.2014
Абель Санчес: Менің арманым – кіші Чавес
WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес TheSweetscience.com порталына сұхбат берді. Ол шәкіртінің келесі қарсыласы болуы ықтимал Хулио-Сезар кіші Чавес жөнінде пікір білдірді.
 
«Келесі жекпе-жек Хулио-Сезар кіші Чавеспен болады деп үміттенемін. Екі боксшының промоутерлері Том Леффлер мен Боб Арум ұйымдастыру жұмыстарына нүкте қоюға талпынып жатыр», - деді ол.
 
Геннадий Головкин осы кездесу үшін салмағын төмендетпек. Санчестің айтуынша, кіші Чавеспен өткізген жекпе-жектен кейін ол өз салмағына қайта оралады.
 
«Головкин-Чавес жекпе-жегі – менің арманым, бұл есте қаларлық кездесу болады деп ойлаймын», - деді Санчес.

Хабарламаларға жазылу