Головкин мен Чавестің кездесуі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Чавестің кездесуі кейінге шегерілді

28.03.2014
Головкин мен Чавестің кездесуі кейінге шегерілді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық  Хулио Сезар кіші Чавестің кездесуі 12 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылды.
 
Кездесу туралы келісімдер әлі толық аяқталған жоқ, алайда, Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатымен сәйкес келіп қалмауы үшін, кездесу күні өзгертілді, деп хабарлайды Ringtv.craveonline.com.

Бұған дейін қазақстандық боксшының кіші Чавеспен кездесуі үшін салмақ өзгертуі керектігі айтылған болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлер  мексикалық боксшы салмағын шамадан асырып жіберсе, онда оның тобы айыппұл төлейтінін хабарлады.
 
Сондай-ақ, кездесу Лос-Анджелесте емес, Колифорнияда өтетіні туралы мәлім болды.

Хабарламаларға жазылу