Қызылордада банк қызметшісі 600 миллион теңге ұрлаған деп айыпталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада банк қызметшісі 600 миллион теңге ұрлаған деп айыпталуда

28.07.2014
Қызылордада банк қызметшісі 600 миллион теңге ұрлаған деп айыпталуда

«АТФ Банк» банкінің Қызылорда қаласындағы бөлімшесінің касса меңгерушісіне қатысты аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иелену немесе ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Омарова 2014 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында «АТФ банк» ҚОФ-ның қоймасына кіруге рұқсатын пайдаланып, 601,9 миллион теңге және 30 мың АҚШ доллар банктің ақша қаражатын ұрлады деп  айыпталып отыр.

2014 жылдың 26 шілде күні Қызылорда қалалық соты Омарованы қамауға алуды растады.

Хабарламаларға жазылу