Қызылордада өзгенің атынан 1,5 млн теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада өзгенің атынан 1,5 млн теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

20.04.2021

Қызылордада 21 жастағы жігіт өзгенің атынан 1,5 миллион теңге онлайн несие рәсімдеген. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.  

Ол 54 жастағы қала тұрғынының атынан бағалы тауарды банк арқылы рәсімдеп, сан соқтырып кеткен. Алаяқ бұрын сотты болған. қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Жалпы қалада мұндай қылмыстар тыйылар емес. Жыл басынан бері полицияға 311 іс тіркелген. 

Айдос Ақбаев, ҚПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары:
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Аталған қылмыс бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Әділбек Серікұлы

ІІМ алаяқ

Хабарламаларға жазылу