Алматыда банк қызметкері қомақты қаражаттың ұрлануына көмектескен (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда банк қызметкері қомақты қаражаттың ұрлануына көмектескен (толығырақ)

30.04.2014
Алматыда банк қызметкері қомақты қаражаттың ұрлануына көмектескен (толығырақ)
Алматыда банк салымшысының есепшотынан 1 миллион 108 мың 500 АҚШ долларын ұрлаған алаяқтар  ұсталды.
 
Қомақты қаржыны жымқыруға сол банк бөлімшесінің атқарушы басшысы көмектескен. Сыбайластарының іс-әрекеттерін жіті қадағалап, ұрлық жасайтын адамды да жетекшінің өзі тауып берген.
 
Сөз байласқан уақытта әлгі адам банк бөлімшесіне келіп, жалған сенімхат бойынша есепшоттағы миллион доллардан астам ақшаны алған. Оның бет-әлбеті мен жүріс-тұрысы күмән келтірмес үшін оны арнайы сән салонына апарып, алдын ала айтар сөзін дайындаған.
 
Жоспар сәтті іске асқаннан кейін, банк басшысы мен оның сыбайластары жұмыстан шығып, іздерін суытқан. Тіпті ұрлаған ақшаларына пәтер мен қымбат көлік алып үлгерген. Күдіктілер тұтқындалып, өз кінәлерін толық мойындап отыр.
 
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:
Қылмыстық Кодекстің 177-бабының 4 тармағы бойынша қомақты мөлшерде алаяқтық фактісін жасау болып отыр. Негізінен оларға жаза тағайындау соттың тікелей құзырында болғандықтан, баптың санкциясы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу