Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалі биыл 16 тамыз күні ұйымдастырылмақ.
Шарада әдеттегідей, республикалық жоғары және премьер-лиганың беделді командалары сайысқа түсетін болады.
Өткен жылғы фестивальде «Демеушіміз Болашақ» тобы шеберлік сағатын көрсетсе, биылғы кезек - «Күлтегінде».
Сайыспен қатар, «Жайдарман» мектебі ұйымдастырылады.
15 тамызда Қазақстан КВН одағының редакторлары және президентінің қатысуымен семинар-тренингтер мен арнайы сабақтар өткізілмек, деп хабарлайды «Жайдарман».