«Жасыбай толқыны-2014» фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыбай толқыны-2014» фестивалі аяқталды

18.08.2014
«Жасыбай толқыны-2014» фестивалі аяқталды

Баянауыл өңірінде  өткен «Жасыбай толқыны-2014» көңілділер мен тапқырлар клубы ойындарының фестивалі мәресіне жетті.

Дәстүрлі жайдарман додасына Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Орал, Көкшетау және Павлодар қаласының жастары жиналды. 

Үздік жайдарманшылар бас қосқан фестивальде үшінші орын  Шымкенттің «13 аймақ» командасына бұйырды. Қазылар алқасының шешімі бойынша екінші орынға ақтөбелік «Фемида» командасы лайық деп танылды.

Көкшетау қаласының «Үш жүз» командасы  «Жасыбай толқыны-2014» фестивалінің чемпионы  атанды.

Ал, Оралдың «Қаз ИИТУ» командасы Қазақстан КВН одағы президентінің арнайы жүлдесін жеңіп алды.

«Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан фестивальдің деңгейі жыл санап артып келеді. Бұл - қуанышты жайт. Қазақ жайдарман ойындарына зор қолдау көрсеткен облыс басшылығына айтар алғысым шексіз. Баянауыл табиғатының өзі қатысушыларға ерекше қуат беріп, шабытын шыңдай түседі», - деді Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен.

Қатысушылар үш күн бойы жайдарман ойындарынан бөлек, түрлі спорттық ойындарға қатысып, патриоттық әндер шырқады.

 

pavlodarnews.kz 

Хабарламаларға жазылу